Меню KDT

logo.png?_=1675678469


КГУ "Карасевская СШ"
  • kz
  • ru
  • en
  • КММ "Карасевка орта мектебі"
     

    70 -летие ветерана педагогического труда

    Атқарып жүрген ісі – батырлық іс.

    Білім ордасында жарты ғасыр кішкентай ауылдың мектебінде  еңбек атқарып жүрген аса қадірлі азаматы, ұлағатты ұстазы, ұшқыр сезімді, терең ойлы ақын, ардақты ана, аяулы әже Әлібекова Нұржамила Баязитқызын бүгінгі күннің батыры деп  санаймын.


    Атқарып жүрген ісі – батырлық іс.

    Білім ордасында жарты ғасыр кішкентай ауылдың мектебінде  еңбек атқарып жүрген аса қадірлі азаматы, ұлағатты ұстазы, ұшқыр сезімді, терең ойлы ақын, ардақты ана, аяулы әже Әлібекова Нұржамила Баязитқызын бүгінгі күннің батыры деп  санаймын.

    Мектепке "Тарыдай болып келіп, таудай болып шығатын" шәкіртке білім,тәрбие беретін  ұстаз. Ұстаз – ұлағатты есім. Тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойымызға дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. «Ұстаздық өнер - ұлы өнер» демекші, ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейді.   Ұғынған адамға ұлағатты ұстаздың орны бөлек екен.

     «Ұстаз – жаратылысынан жаны жайсаң, жаңалыкка құштар, мейлінше шешен, өнер-білімге құмар, жақындарына да, жатқа да барынша адал, жақсылық пен ізгілік жасауға құлшынып тұратын адам» деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, сол ұстаздарының бірі - Нұржамила  Баязитқызы.

    Аса білімді, жақсы педагогикалық идеяларын әріптестерімен бөлісіп, іске асырады. Білікті маман, сабырлылық, еңбексүйгіштік  - осының бәрін  біз Нұржамила Баязитқызының бойынан табамыз. Нұржамила  апай жемісті еңбек ету арқасында көптеген шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан ұстаз.

    Ол 1949 жылы Омбы қаласына қарасты Назыбай ауданының кіші Бейімбет ауылында дүниеге келді. Бастауыш сыныпты Солтүстік Қазақстан облысының Ленин (қазір Есіл) ауданы, Алабие ауылындағы орыс мектебінде, орта мектепті Көкшетау облысының Қызылсая ауылында бітірді. Шешесі науқастанған соң, одан әрі оқуға мүмкіндігі болған жоқ. Ең алғаш еңбек жолын Көкшетау облысына қарасты Келлеров  ауданындағы Мадениет сегізжылдық мектебінде бастады.

    Әкесі қудалауға ұшырап, өмірде біраз қиыншылықтарды басынан өткерді.

    1979 жылы Көкшетау қаласындағы педагогикалық институттың математика факультетін тәмамдады. Ізденімпаздығы мен алғырлығы арқасында өз ісінің білікті маманы атанды.

    Өмірлік серігін кездестіріп, шаңырақтарын көтерді. 1969 жылдан бері еңбек жолын  Карасевка орта мектебінде математика пәнінен сабақ беруде.

    Зейнет демалысына шықса да, еңбек жолын жалғастырып жүр. Қазіргі уақытта үшінші ұрпақты  окытуда. Әр балаға өзінің алтын уақытын бөліп, қосымша  жеке жұмыстар жүргізеді. Демалыс күндерінде де  үйге шақыртып, үлгерімін биіктетуге,  ҰБТ-ға дайындық жасауға, қиын есептердің әр түрлі шешу тәсілдерін көрсетіп, өз қателерін табуға үйретеді. Сондай дайындықтарымен аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларына қатысып жүлделі орындарына ие болады.

    ҰБТ-дан оқушылар  ең биік көрсеткіш көрсетеді.  

    Білім саласы жылдан-жылға дамып келе жатқандықтан әр түрлі жаңа технологияларын сабақ үстінде қолданып, қызықты етіп өткізеді. Заманауи техникаларымызды басқарып, ел игілігіне қызмет ету үшін математиканы білу керек екеніне көз жеткізуде.

    Оқушыларға тапсырмалар жинағын құрастырып, «Сборник экспериментальных для старшеклассников», 5-8 сыныптарына  «В математику тропинки одолейте без запинки» атты жинақтары шығарылған.

    Денсаулығы сыр беріп, қаншама ота жасалса да, жас жеткіншек ұрпақты саналы да салауатты, білімді етіп тәрбиелеуге өте зор үлес қосты.

    Осы жарты ғасырдан астам уақыт бойы еңбек еткені үшін  құрмет грамоталары, алғыс хаттар мен дипломдарымен, сонымен қатар ««Еңбек ері», «Почетный работник образования Айыртауского района» және «90 лет Айыртаускому району» атты төс белгілерімен мараппаталды.

    2005 жылы  Алматы қаласында өткен «Практические аспекты реализации государственной программы развития образования в Республике Казахстан»  республикалық мұғалімдер  форумына қатысып, «О роли учителя новой формации в рефомировании системы образования» атты баяндамасын оқыды.

    Нұржамила апайдың алдынан өткен түлектері елдің, сырт мемлекеттердің түпкір-түпкірінде, әр салада жемісті қызмет етуде. Олар  әлі  күнге дейін алғыстарын бұқаралық ақпарат құралы, интернет арқылы білдіруде.

    «Математик-в душе поэт»-деп  Софья Ковалевская айтқандай өзі өлең жазады. 2000 жылы шығармалары «Бәйшешектер» атты жинағына енген. «Жалғызтау», «Асыл мекен», «Самал жел», «Көкшетау», «Жазғы таң», «Айыртау» және тағы да басқа өлеңдері бар. 2011 жылы «Сұлтаны ол жігіттің бір нарқасқа» кітабы жарық көрген.

    Уақытпен қадам жасап, түрлі газет-журналдарында мақалаларын жария етеді. Соның бірі Елбасымыздың Н.Назарбаевтың «5 реформа және 100 қадам» атты Ұлт жоспары бойынша «Білікті мұғалім қалай қалыптасады?» деген мақаласы жарық көрді.

    Өмірдің ащысы мен тұщысын бірге көріп, әрдайым жанында болып, қанатын қатайтып, тірек болған сүйікті отбасының үлесі өте зор.

    Бүгінгі күні атқарып жүрген ісі – батырлық ісі деп санаймын. Болашақта Нұржамила апайға шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасына амандық, әрдайым шәкірттері жетістіктерге жетіп, биік белестерден көріне берсін деген тілек тілеймін. Еңбек жасап жүргені үшін мың да бір алғыс білдіріп, ұлағатты ұстаз алдында бас иемін. 

    Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын,
    жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын!
    Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан  танбай, табыстан табысқа жетуіңізге,
    дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып,
    аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!

                                                                                       

     

    30.01.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Директор школы Жусупов Асет Таласпаевич

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки